Жел және күн мониторингі таңдалған алаңдағы жел ресурстары мен күн радиациясының әлеуетін бағалау мақсатында орындалады.
Жел мониторингінің мақсаты электр энергиясының күтілетін өндірісін және өңірдегі жобаның инвестициялық тартымдылығын айқындау болып табылады. Өлшеу жүргізу үшін өлшеу жүйелері — жел өлшегіш діңгектер (ВИМ) немесе баламалы өлшеу кешендері (LiDAR) орнатылады. Жабдықтың түрі мен конфигурациясы зерттеу мақсатымен және жоспарланған ЖЭС параметрлерімен анықталады.
Күн мониторингі күн электр станцияларының тиімділігін бағалау үшін қажетті жерүсті күн радиациясын өлшеу жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Репрезентативті статистика алу үшін өлшеулер 12 ай бойы (қажет болған жағдайда — 18 айға дейін) үздіксіз режимде жүргізіледі.
Өлшеу науқаны аяқталғаннан кейін деректерді өңдеу және верификациялау жүргізіледі, содан кейін Bankable Report дайындалады.